Өкініштен өнім бар ма?
Бұл бетте «Өкініштен өнім бар ма?» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұсында ой жаңартқыш өзгepicтің
Қымбаты-ай өкініштен өнген істің.
Қамы үшін ертеңгінің достарыммен
Күнәдай өз қатемді он бөлістім.
Келгендей айырмасын қызықтағым
Сөз еттім патша тағын, мұжық тағын.
Шынында заң деп ұқтым замандардан
Қисапсыз қанды қырғын iзi ұтпағын.
Қанды өзен бipiнeн соң бipi ағылып,
Қылмысты деп те жүрдік қырағылық.
Ұмытып ұлт дегенді, жұрт дегенді
Баршадан қалсын дедік бip-aқ ұрық
Ей, құдай, сен де осыған қатыстың ба,
Пендемен сен де бізше атыстың ба?..
Осыдан болмады ма күні қараң
Дүниенің шығысындай батыстың да.
Күллісін түсінудей түсіндік-ау,
Ұқсатты өз iciнe iciмдi жау.
Болды ма қан төккенім қатты өкініш
Біржола күйреткенсіп күшін бұғау.
Қалпында қалып қойды кісі өлтіру,
Адамның аяғында кісен шіру.
Өнімі өкініштің бұйырмаса
мүмкін бе тұрмыс аман-есен тұру?!
Әзірше өкініштен өнім аз-ақ
Болғасын мезгіл етпек мені мазақ
Әзірше қырық жамау бүтінделмей
Опық жеп отырғанның дені қазақ.
Ақпан, 1997 жыл
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі