Көңіл ашар күн
Бұл бетте «Көңіл ашар күн» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күндерімнен, ән-күйі көңіл ашар
Күлгенсіген мезгілдің көбі нашар.
Қалған өмір қайтсе де соңғы белден
Соның да бір сорына көніп асар.
Қыңқыл-сыңқыл кәрілік, дәрілікті
Алдап қойсам, солар сөз нәрін ұқты.
Үйреншікті үніммен ән шырқасам
Баяғыша шаруамның бәpi мықты.
Үйреншікті азаптан арылғанша
Аттап өтті белестен арым қанша.
Есімде жоқ eceбi. Ағайыннан
Алам, берем оған да барын барша.
Алған, берген дегенің — біліскенің,
Тілектестер тіні бар бip icтe мың.
Шepiм талай тарқаған сезгенімде
Думандатқан дуалы ырыс демін.
Ойлап қиын өмірдің әр саласын,
Сейілмекті бip мезгіл жол оңғасын,
Жақсы өлеңді жатқа айтып жаның үшін
Президентім болсаң да ән саласың.
Ендеше бұл сиқырлы күнкөрісті
Тарыққанда қызғыштай кім қорысты?
Аздан да кем ондайлар. Сол себепті
Tәңір кешпес күнәға күн борышты.
Қанша айтсам да өз басым зерікпеймін,
Көңіл ашар күнге серт бepiк деймін.
Бесік жырын eciнe түcipceм де,
Тас жүректі қалайша ерітпеймін?!.
Ақпан, 1997 жыл
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі