Жеке-дара қызғанышым

Бұл бетте «Жеке-дара қызғанышым» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 905
Дос та жоқ, туыс та жоқ менде мұндай,
Дермісің маған сіңген еңбегін бай?
Еңбегі болса бәлкім болған шығар
Дәрігердің дәніктірген ем-домындай.
Оқытқам мен де бip қыс он үшінде
Емеспіз қанды көйлек ол үшін де.
Баулығам балапандай жас ұланды,
Отты жыр ол да жазған. Оны шын де.
Ол да емес меш бұған құнықтырған,
Біріне бipi өзін құл ұқтырған,
Екеудің себебін біз аша алмастай
Алланың өз қолында құлып тұрған.
Алпыс жыл өтті өзара құлшылықпен,
Мақтар ем хақ сыйлығын құлшынып мен,
Тіл-көз бар... Сыңар қалып, көздің жасын
Сыртымен жұдырықтың құрсын үккен.
Жұрт айтсын Зейнолласын — зиялысын
Қисапсыз іске қосқан қиялы үшін.
Ұрпаққа ғалым-ұстаз берген білім
Қазынасын қара орманыңа қиямысың?!
Ерлік пен сұлулықты сұрыптаған
Зекеңнен кімдер соны сыр ұқпаған.
Оқыған романын ойшыл орта
Нар сыйлап, нан ұсынып тұрыпты оған.
Еңбегін Мұхтар жайлы ол жасаған
Оқысаң табынарсың онда соған.
Оқыса білер қазақ бүгіндері
Осы деп шаңырағым, оң босағам.
Ақ берен адалдыққа жомарт жаны
Деседі ұмытқанды жаңартқаны.
Аңызға айналыпты ол, Ардың ісін
Жүк етіп жүрегіне жаны артқалы.
Осынау Академик ұстаз адам
Жаралып тумысында іш тазадан,
Пайғамбар алдын көрген деседі жұрт
Алмаған ұлағатты істі аз одан.
Пайғамбар аты Мұхтар әлемдегі,
Баһадүр барша тілге өлеңдегі.
Зекеңе барын берді ол, —
Tipi Мұхтар
Осы деп мойындатты ол еңбегі.
Өзгеге өзін түгел сіңіретін
Бұл Зекең тапқан әділ сын ретін.
Бар мұның ойда-қырда шәкітрттері
Базынасын бал қымыздай сіміретін.
Бip аты Зейнолланың
Білім екен
Үйреткен ұрпағына ұлы мекен.
Өзіне салсаң, оның бipi де емес,
Құдайдың қара сирақ құлы Зекең.
Ал өзi жетпістегі құрдасын да
Көредi шыбын шықпас қыр басында.
Кіммен де көңілі толса мақтанады
Жүр-ау деп, әлгі жалғыз «құл» қасында!
Шындықтың көpiп мұнша қозғалысын
Амалсыз ақын арқам қозғаны шын.
Мен емес, ел осылай мадақтайды
Хамаңның жеке-дара қызғанышын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеке-дара қызғанышым өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жеке-дара қызғанышым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеке-дара қызғанышым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеке-дара қызғанышым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері