Жеткіншегіме

Бұл бетте «Жеткіншегіме» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 665
Қарағым, дей алмаймын мұңаймашы,
Мұңайтар түлкі өмірдің мың айласы.
Болмаған ойшыл жанда мұңсыз мұрат,
Оңаша мұңайғанда мұны ойлашы.
Адамды табиғат та мұңайтады,
Ауру мен азалы күн мұны айтады.
Жүйкеңде, қаңтар қарып тастағандай
Қалады ондаған жыл, мың ай табы.
Бірақ ол өз өтеуін өндіреді,
Сол сәтте бет-жүзіңе өң кіреді
Кінәсін ұмыттырып, өз қасында
Уыздай ұрпағың боп ол жүреді
Сондай-ақ адамға сен, сендіріп те,
Ол сенен үрікпесе, сен де үрікпе.
Жүйкеңе жүлге бітce, саған соқпай
Өтеді өз жөнімен сел жүріп те.
Іші тар, жаны сатқын жаман адам
Қашан да қарғыс алмақ заманадан.
Сенімді жақсығa артар, оған артсаң,
Қалмайсың залал шекпей аман одан.
Шалқаймақ шаққан мұңға өктем көсем,
Өзіңмен санасқандай от бермесең.
Тати ма сөйтуге сол, мұны да ойлан,
Айтпас ем бәрін бастан өткермесем.
Адамға сену шарт, ол кісі десең,
Кісінің іші де — сен, ісі де — сен.
Өйткені өмip бойы дейтұғын сол
Жұрт қамын жеп те күйіп-пісіп өсем.

Ақпан, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеткіншегіме өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жеткіншегіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеткіншегіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеткіншегіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері