Лермонтов көкіректі, көзді туған

Бұл бетте «Лермонтов көкіректі, көзді туған» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3101
Лермонтов көкіректі, көзді туған,
Білмеген айырмайды уды судан.
Бетіне данышпанның күйе жағып,
Не түрлі сұмдық шықты бала қудан.
Бояған ақ дидарын қараменен,
Білсе, неге ойнайды данаменен.
Жақсыға түрі бөлек ит те үрмейді,
Жынды бірдей емес пе баламенен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері