Өлең, жыр, ақындар

Шетелдік ақынға сыр

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Батыстан іздеп ажалын атаң тартты майданға,
Шығыстан іздеп тажалын әкең өлсе Сайгонда,
Сайгонда, бәлкім, Тайванда.
Ал енді сенің өзіңнің
Өлуің керек қай маңда?
Жауабын, бәлкім, іздедің, жанарың сұрақ сенің
де,
Болып па ең, достым, сен менің космодром
болған жерімде?
Космонавт қонған елімде,
Батыс пен Шығыс барса да,
Бармаған бабам өлімге.
Аяулы менің әкем де соғыстан, дүлей бораннан,
Сүйегі қалмай жат елде, жаралы болып оралған.
Үмітін жалғап жоғалған.
Ол үшін енді өмірде
Өз жерінде өлсе, жоқ арман.
Еліммен қатқан бұғанам, күйінсін, жауым
сүйінсін,
Өмірден енші – сыбағам, ерте ме, кеш пе
қиылсын.
Туған жер, сонда бір уыс
Топырағың маған бұйырсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отаным

  • 0
  • 0

Отаннан артық неміз бар,
Халқым деген теңіз бар,
Тамыры тартқан тереңнен,
Ұлтым деген негіз бар.

Толық

Металл

  • 0
  • 0

Металл дейміз химия тілдерінде,
Айналар металға Адам жыр демінде;
Мойымайтын болаттар болғанымен,
Темір — тағдыр майысар бір жерінде.

Толық

Күзде құстар тастап ұшар ұясын...

  • 0
  • 0

Кезем десең дүние неткен кең еді,
Теңіздерден көрем жүзген кемені.
Тұрақтамай көкте бұлттар жөңкілген,
Тұрақтамай жел де сапар шегеді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар