Момын жайлы балама сыр

Бұл бетте «Момын жайлы балама сыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 591
I
Білуге құмартады-ау жаралса адам,
Түйе жайлы айтайын балам саған.
Барғыштайтын әкеңдей ауыл жаққа,
Төрт түліктің бірі бұл дала аңсаған.
Білсең де сан жануар, аңдар барын,
Халқыңа не жақынын аңғар, жаным.
Шетелдік жолаушыдай түйе көріп,
Ұят сенің, ұлым-ау, таң қалғаның.
Бабамның берген үлкен батасындай,
Түлік бұл қырдың шөккен жотасындай.
Тағдырын тоғыстырып қазақ бабаң,
Түйені еміп ескен ботасындай.
Тербетер тірлігіңнің күйі небір,
Тағдырлас түлігіңе сүйіне біл.
Көзіне топырақты шашамыз ба,
Алай-түлей өтті деп құйын — өмір!

ІІ
Шетелдіктер сұғынар жанарымен:
«Қалайша игере алған даланы кең?»
Қазақтың даласы деп мөрін басқан,
Бабалар түйесінің табанымен.
«Бұрын жау қаптап тұрып желкесінен,
Неліктен аз қазақтың өлкесі кең?»
Бір қазақ үшеу болып көрінетін,
Жауына түйесінің өркешімен.

ІІІ
Түйе деп бет-пердесін бүркемеші,
Даланың біле білсең бұл кемесі.
Жайылар өркеш құмда тау сияқты,
Секілді шөккенде де — бір төбесі.
Боздаған боз далада азынатып,
Қомдаған өркешіне жазы батып.
Құла дүз құмды алқапта кәрі тарих,
Түйенің табанымен жазылатын...

IV
Бір кездер көшіп-қонған сүйікті елім,
Еңсеңді зіл басса да иіп пе едің?
Жусандай аласарып дала алдыңда,
Түйенің еңсесімен биіктедің.
Көз жетпес көк жиегі қараса адам,
Құшағын аямады дала саған
Түйенің жазысында өсіп-өніп,
Өмірге өрбіп жатты бала-шағаң.
Айтқанмен көшпелі өмір қиын десіп,
Дәстүрлі тұрмысыңның күйін кешіп.
Бұл күнге жеткіздің-ау бабам бізді,
Түйенің өркешінде үйің көшіп...
V
Білуге кұмартады-ау жаралса адам,
Момын жайлы сырым бұл балам саған.
Барғыштайтын әкеңдей ауыл жаққа,
Төрт түліктің бірі бұл дала ан,саған...
Халқымның талай тағдыр, жолы алмаскан,
Көшімен көшіп жатты боран бастан.
Түйенің көз алдынан ұзай берді,
Қазақтың қасіреті оралмастан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Момын жайлы балама сыр өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Момын жайлы балама сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Момын жайлы балама сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Момын жайлы балама сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері