1940-1945

Бұл бетте «1940-1945» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 998
Ғажап әлем,
дүние,
дала қызық,
Сағыныш сырлы әуенге салады үзіп...
Осы бір тылсым шақта келді соғыс,
Тағдырдың қадамынан қан ағызып.
Қан соғыс келе жатты балдағымен,
Қара қолын батырмақ қанға кілең.
Ел жаңа өз бақытын сезінген шақ,
Тыныштық тірлігінің бал дәмімен.
Бейбіттің бесігінде еңбек елі,
Өмірді бақытымен тербеп еді.
Таңдайында тыныштық балдай татып,
Соғыстың боларына сенбеп еді!..
* * *.
Дүниенің күл етіп бар асылын,
Жоғалтып жанарлардың жарасымын.
Тіршіліктің көзіне ақ түсіріп,
Шел қаптатпақ болды жау қарашығын.
Барса да қан саулатып қай жағына,
Өмірдің мөлдір көлін лайлады да.
Қанды шеңгел батырды тіршіліктің
Іріткі сап сүт-өмір, қаймағына.
Өмір-сүтін ірітпек, бұл күні ме?
Қуанышты бір сәтке іркіді де.
Әрбір адам айналды бір-бір тал боп,
Көзіміздей Отанның кірпігіне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1940-1945 өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

1940-1945 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

1940-1945 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

1940-1945 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері