Тұғыры биік қазақ тілі
Тұғыры биік қазақ тілі
Қасиетті қазақ тілі,құдыретіңнен айналдым,
Өз тілімде сөйлесем,қыр гүліндей жайнадым.
Кеудемдегі жүректей болып кеткен дапа тіл,
Өзіңнен шыққан әр сөздің қазанында қайнадым.
Тұғыры биік қазақ тілі,мәңгі сенімен бірге мен,
Алшақтата алмаспын,бірге жаным,бір екен.
Мәңгүрттенген адамдар қайтып сезер өзгені,
Өзге түгілі бойға сіңген ана тілін білмеген.
Қасиетті қазақ тілі,өткір әрі кең тілім,
Басты қазақ құндылығы-дәл өзіңсің,сен тілім.
Барша қазақ баласына секілдісің төлқұжат,
Абыройым,асқарымсың жауһарменен тең тілім.
Сен тұрғанда өзге тілде бір ауыз сөз айта алман,
Тіпті ит те өз тілінде үріп жауап қайтарған.
“Тіл жоқ жерде ұлт жоқ” деп кесіп айтқан қазағым,
Не жетеді әрбір сөзге өз тіліңде айта алған.
Сенің сөздік қорыңды қазақша сөз құрасын,
Ақ сүтпенен сіңген тілді қалай жерге ұрасың?!
Қасиетті қазақ тілім тастап кетпе сен бізді,
Бар кезінде бағалайық ата-баба мұрасын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі