Өлең, жыр, ақындар

Алдымда туа ма әлде аңсаған күн

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 788
Алдымда туа ма әлде аңсаған күн,
Тіл үйірген тірлікке тамсанам кіл,
Көңілім — проспекті, көше-сынды,
Екі бірдей қанатым — самсаған гүл.
Көшемнің қайыңына қонып ұшқан,
Бұтағы — ойларымның толы құстар,
Қнялға келіп жатыр кварталдай,
Қоштасу, кездесулер, жолығыстар.
Өмірдің ен ғажайып ұлы көші —
Қарапайым, құпия құрылысы.
Қаланың көшесіндей көп екен-ау,
Көңілдің көшесінің бұрылысы.
Еркіндік болмаса егер несі көктем?
Албырттық жастық па әлде есі кеткен.
Көңілдің светофоры қызыл жанып,
Тұрса да, талай жолды кесіп өткем.
Сезініп соңында ізі, жол қалары,
Шығады Адамзаттың жолға бәрі.
Көңілім — проспекті заулап аққан
«Жигули», «Москвичі», «Волгалары».
Қамалып торларда мен тұра алмаймын,
Қөңілдер көшесінен сыр аңдаймын.
Тағдырларды сан рет тоғыстырған,
Автобус, троллейбус, трамвайым.
Қызыққа болса-дағы қанша құмар,
Өзінің ерекше бір аңсары бар.
Жолаушы көп... Көңілдің көшесінің
Асфальты сан бұзылып, сан салынар.
Кестеленген өмірдің өрнегімен,
Самсаған небір ойлар лек-легімен.
Тағдырдай өтіп жатқан неше сырлы,
Көңілім — проспекті, көше — сынды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қариям

  • 0
  • 0

Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.

Толық

Журналист

  • 0
  • 0

Экрандарға —
Көздердің қараттың бәрін,
Эфирлерден —
Өмірдің тараттың әнін.

Толық

Виндзор сарайы

  • 0
  • 0

Жайлауға жайылтқандай жандарды кең,
Ағылшын текті ел екен аңғардым мен.
Он бірінші ғасырдың ғажайыбы,
Виндзор атты сарайға таң қалдым мен.

Толық

Қарап көріңіз