Еңсеңді көтер, ей, адам! – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Еңсеңді көтер, ей, адам!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1255
Ей, Адам! Ел деп еміренсең,
Елім деп тебіренсең,
Еңкейтпес ешкім сені,
Еңкеймес сенің еңсең,
Еңсеңді көтер ел деп тұрып,
Жалындап жас ғұмырдай,
Таулардың тасқынындай селдеп тұрып,
Еңбектің кестесінен өрнек құрып,
Ереуіл ер толқындай өрлеп кіріп,
Өмірдің аш есігін!
Төрлеп кіріп,
Төк нұрыңды! Тартынба! Төк нұрыңды!
Аяма! Өрте! Лаулат! От-ғұмырды!
Түсірме! Түсірме сен тек құныңды,
Тартылыс ұлы күшін жеңіп шықпай,
Тежеме! Тежеме сен екпініңді!
Ей, Адам!
Тасыма! Тасыма сен!
Дегенге, Жасыма! Жасыма сен!
Жалтақтайтын жок бүгін жетім заман,
Халқымыздыңқазіргі ғасыры әсем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері