Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады

Бұл бетте «Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Алатауым жамылды жасыл көктем,
Көктеміңе оранып ғасыр жеткен.
Ұлы Абайды толғаған Мұхаң бастап
Бетке алып ұлы шыңды Қасым кеткен.
Қарапайым Сәбеңдей асыл кеткен,
Төлегендей жас қыршын жасын кеткен,
Мұқағали — сел жырың, тасып өткен,
Қойныңа алып ештеңе болмағандай,
Алатауым жамылды жасыл көктем!
Қиял болып біреуге өтер үміт,
Алдан шығып біреуге жетер үміт,
Шыңың арман Алатау өзің жаққа,
Толқындарың барады-ау көтеріліп!
Тәкппар тау шыңынан тапқалы бақ,
Ауық-ауық сырымды ақтарып ап,
Арман етіп, Алатау, ауылымнан,
Бір өзіңді келгенмін бетке алып ап!
Алатаудың шыңына бір шыға алсам,
Жүрек даусын жаңғыртып жыр шығарсам,
Арманым жоқ содан соң тілсіз жатып,
Маңғаз таудай мәңгілік тыншыға алсам.
Жырсыз өткен өмірде бір кұні жоқ,
Алатаудың сайрасам бұлбұлы боп.
Арманым жоқ содан соң тілсіз толқып,
Етегінде жайқалсам бір гүлі боп.
Алатаудан астана жұртын көріп,
Шыңғға шықсам дәстүрлі ғұрпың қонып,
Арманым жоқ содан соң тілсіз төксем,
Көз жасымды жанардан бұлтың болып.
Алатау, ақтарылып айта да алсам,
Жырым қонар биіктен жай таба алсам.
Арманым жоқ, ажал да айыра алмас,
Құшағыңа, Жер-ана, қайта оралсам.
Бүгін ұлым өзіңе көп қарады,
Болашақтың перзентім от жанары,
Алатаудың армандап аппақ шыңын,
Әлі де талай ұрпақ бетке алады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талай ұрпақ шыңыңды бетке алады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері