Үй – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Үй» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1620
Үй деген үйлеседі жүрегіңмен,
Жүрегім деп сезінер біле білген,
Әлемде одан артық жылылықты
Таппайсың! Таба алмайсың бұл өмірден.
Дүниеге келгеннеи, бала шақтан,
Үйдей ұя іздейсің болашақтан.
Үй деген қарапайым ошағымыз!
Отан да басталады сол ошақтан!
Үйім ғой ұлы сенім берген маған
Үйім деп бастағанмын елден қадам:
Алдымен далаға емес, үйге келер,
Ең алғаш дүниеге келгенде Адам!
Үйің боп сенімің де, тірегің де,
Жылынар жылып жаның, жүрегің де.
Басталар үйден жолың Дүниеге,
Басталар үйден сапар ұлы өмірге!
Көкейде көп арманым, көп алаңым.
Сол үйден мен өмірге жол аламын.
Жол жүріп арман кезіп аман-есен,
Оралсам — үйге қайтып ораламын.
Үй болып, үйім болып шаттанармын,
Бағыма баяны бар бақты алармын.
Өмірмен кош айтысып жол тартсам да,
Төрінен сол бір үйдің аттанармын!
Сол үйге сыйды бәрі сүйінгенім,
Бақытым, қуанышьш, күйінгенім.
Ұям болып басталып Ұлы Отанға,
Айналды қарапайым үйім менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үй өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері