Оянсам ойландырып таң тұрады – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Оянсам ойландырып таң тұрады» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1011
Оянсам ойландырып таң тұрады,
Жүректе сиқырлы бір ән тұрады.
Тоңып-мұздап күздегі жапырақтай,
Жаным менің неліктен қалтырады?
Толғанып тебіренер кезімбісің,
Толқындатып барады сезім күшің.
Дүрсілің де өзгеше танымаймын,
Әй, Жүрек, әй, Жүрегім, өзіңбісің?
Тіршілікте өзіңсің тірек-сенім,
Табиғи болмысыңмен тілекші едің.
Дүрсіліңде өзгеше бір сырың бар,
Бір сырың бар ерекше, Жүрек сенің!
Не дейді мен жайлы ертең толы халық,
Білерім мақсат-айқын, жолым анық.
Адам өтер өмірде өз көзімен,
Көре алмай өз жүрегін қолына алып...
Дүниеге келгенде шындап келіп,
Тіршіліктің тынысын тыңдап көріп.
Адам өтер өмірден Абай айтқан,
Құпия жүрегіндей жұмбақ болып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері