Өлең, жыр, ақындар

Ақтық демім қалғанша

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1382
Жыр жазу деген затында,
Жұлдыз боп жану түнекте.
Еркіндік қажет ақынға,
Бостандық керек жүрекке.
Ақын боп тусаң атадан,
Өмірдің мәнін ұқ мұңнан.
Өзіңді-өзің матаған
Әуелі құтыл тұтқыннан.
Халінен елдің жай біліп,
Ақындар жайған әлемге.
Ақынға келген айбынып
Төренің өзі сәлемге.
Заман, заман болғалы
Қара жер, басы катерде.
Жайылмас мәңгі ол-дағы,
Ақыны болмай аты елге.
Өйткені ақын қаруы
Халқының ана тілінде.
...Сол тілде жүрек зәруі,
Сол тілде тәңір, пірім де!
Басқысы келер арыңды
Кей пенделер маған қас.
Туа біткен дарынды
Адам тартып ала алмас.
Аялап ана тілімді,
Қағармын қанат талғанша.
Аялап өтем пірімді
Ақтық демім қалғанша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батқан күн

  • 0
  • 0

Көрдің бе сен, күннің қалай батқанын,
Аржағынан алып шығар ақ таңын.
Алтын шапақ көрдім күннің батқанын,
Алтын сәуле көрдім қанат қаққанын.

Толық

Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім

  • 0
  • 0

Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім,
Дүние жанарынан нұр көргенім.
Көп ойлар сайрап жатыр көкейімде,
Көбіне көзім жетіп үлгермедім.

Толық

Кетем дедің

  • 0
  • 0

«Кетем дедің.
Кетсең кет!
Мен өлмеспін.
Күндер кештік.

Толық

Қарап көріңіз