Шөл даланың – құйын-ай!

Бұл бетте «Шөл даланың – құйын-ай!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 835
Бір Құдайға сыйынып,
Жер дүниені үйіріп,
Құм аспаннан құйылып,
Борайтан бір жиылып,
Шөл даланың Құйыны-ай!
«Біссімілә!» дегізіп,
Желбауларды жел үзіп,
Жас келіншек бесікте
Отырғанда емізіп,
Тұтқи алдан соғатын,
Шөл даланың Құйыны-ай!
Беймезгіл бұл қонағы,
Аспан-жерді орады.
Құйын-мінез кей адам,
Тұтқиылдан соғады.
Шөл даланың Құйыны-ай!
Тағдыр баста қиын боп,
Жаралады жүректі.
Шөл далада құйын боп,
Ашаршылық жыл өтті.
«Халық жауы» құйыны,
Халқымызды жүдетті.
Жетім-жесір қалдырған,
Құйын-соғыс жыл өтті.
Сонда дағы далама,
Тәңір берді тілекті.
Шөліркеген даланы,
Тәуелсіздік түлетті.
Шөл даланың құйыны-ай,
Тағдырлардың қиыны-ай.
Қазағымның үйірмесін үйін-ай!
«Біссімілә! Біссімілә» деуменен,
Пенде болсаң бір Құдайға сыйын-ай!
Еске салар тауқыметті, нәубетті,
Шөл даланың құйыны-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөл даланың – құйын-ай! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Шөл даланың – құйын-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөл даланың – құйын-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөл даланың – құйын-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері