Туған жерім

Бұл бетте «Туған жерім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1875
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым,
Шөл даладан,
Гүл, қалаға айналдың.
Кешегі күн
Дидарыңда – мұң бұлты,
Бүгінгі күн
Келбетіңе қайранмын.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.
Туған жерім –
Сені ойлап шөлдедім.
Сағынышым –
Маған маза бермедің.
Бар әлемнен –
Сендей жерді таппадым,
Сенен ыстық,
Жерді әлемнен көрмедім.
Туған жерім,
Сені ойлап,
шөлдедім.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.
Шөл даладан –
Гүл далама айналдың.
Бір сені ойлап
Бұл өмірге қуандым,
Бір сені ойлап
Жүрегіме қайғы алдым.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерім өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Туған жерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері