Сағынумен күн жатты

Бұл бетте «Сағынумен күн жатты» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Сағынумен күн жатты,
Әйел – сұлу сымбатты.
Сағынумен түн батты,
Әйел – арман қымбатты.
Талғампаз жүрек талғамай,
Әйелдей ерді күтер ме?!
Әйелге ерлік арнамай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Ақ түскенше шашыңа,
Шығатын түсіп жолыңа.
Әйел – бақыт басы да,
Аяқталар соңы да.
Жағатын сезім шырпысы,
Ғашық иірім сәлеммен.
Әйелдің әрбір күлкісі,
Қымбат мынау әлемнен.
Қиылып көзді қадаса,
Жүрекке садақ шаншылар.
Бұрылып саған қараса,
Бойыңнан бұлақ тамшылар.
Әйел –өмір өлшемі,
Бағалай алар тірлікті.
Бақыттың жарты бөлшегі,
Қалайтын ермен бірлікті.
Әйелдерге әр еркек,
Таңдай алса бас тұлғаң.
Әйел үшін бар еркек –
Басын тау мен тасқа ұрған.
Тіршіліктің қымбаты,
Әйел боп сұлу шықты елес.
Әйел ғой өмір сымбаты,
Әйелсіз өмір түк те емес.
Жеңу де қиын ғасырды
Ғасырды жеңген жеңісім:
Әйелге ием басымды,
Әйелді сүйем сол үшін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынумен күн жатты өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сағынумен күн жатты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынумен күн жатты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынумен күн жатты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері