Бәйгелерде дес бермей

Бұл бетте «Бәйгелерде дес бермей» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 780
Бәйгелерде дес бермей,
Оза шауып, төске озған.
Бар қуатын ескермей,
Көкке қолын кеш созған.
«Сенсің» деді, «сен» деді,
Жолыққанда бір ағам.
Аққу жүзген көлдегі,
Өлеңдерім ұнаған.
Не деу керек бұл сөзге,
Үнсіз ғана тыңдағам.
Мақтау айтқан құр сөзге,
Талай мәрте шыдағам.
Кімге қонар баян-бақ,
Еңселі терек, қайыңдар.
Мақтау сөзге аялдап,
Тұрып та қалған жайым бар.
Айтқан сөзге сенер ек,
Қолды дағы кеш созбай.
Ақын болып не керек,
Оза шауып төске озбай!..
Аққуды көріп көлінен,
Жүзіп жүріп жеңер ек...
Әйелді сүймей бәрінен,
Ақын болып не керек?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйгелерде дес бермей өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Бәйгелерде дес бермей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйгелерде дес бермей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйгелерде дес бермей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері