Не жақсы? – Сейфолла Оспан

Бұл бетте «Не жақсы?» атты Сейфолла Оспан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4728
Біріншіден не жақсы?
Биязы мінез, тілалғыш,
Бал-бұл жанып жүретін
Бауырмалдық – сол жақсы.

Екіншіден не жақсы?
Ерте жатып, мезгілмен
Ерте тұрып,төсекті
Ерінбей жисаң – сол жақсы.

Үшіншіден не жақсы?
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап
Үлгіре алсаң – сол жақсы.

Төртіншіден не жақсы?
Тал шыбықтай таңертең,
Тартылып кеп ойнасаң,
Тамаша әдет – сол жақсы.

Бесіншіден не жақсы?
Былдырламай көбірек,
Байыпты да байқағыш
Бала болсаң – сол жақсы.

Алтыншыдан не жақсы?
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң – сол жақсы.

Жетіншіден не жақсы?
Жауқазындай жайраңдап,
Жұрт ісіңе қайран қап
Жатса, шіркін, сол жақсы.

Сегізіншіден не жақсы?
Саспай, жастай өнердің
Сүйсең бірін беріліп,
Сан істерден сол жақсы.

Тоғызыншыдан не жақсы?
Тәтті досқа сөз беріп,
Танып жүрмей артынан
Табанды болсаң – сол жақсы.

Оныншыдан не жақсы?
Ойлап істеп ісіңді,
Озып шықсаң ортадан,
Бәрінен де сол жақсы.


Пікірлер (1)

Анель

Көп көп рахмееееет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не жақсы? өлеңінің авторы кім?

Сейфолла Оспан — осы өлеңнің авторы.

Не жақсы? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не жақсы? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сейфолла Оспан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не жақсы? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері