Өзің ғана – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өзің ғана» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1393
Мені сүйген жүрегің бар сенің де,
Сені сүйген жүрегім бар менің де.
Қос жүрекке махаббатты сыйлаған,
Тағдырым мен ризамын Тәңірге.
Сезіміңмен сезімдерім жалғасты,
Арманыммен арман сезім алмасты.
Мен бірінші сүйген жанмын өзіңді
Өзің ғана махаббатым алғашқы.
Адам кейде ғұмыр кешер түсімен,
Тандадым мен көп арудың ішінен.
Махаббаттың сырын алғаш ұқтым мен,
Мен бақытты сен арқылы түсінем.
Кең дүниеде шуағы мол күнісің,
Көңілімде, жүрегімде ірісің,
Білесің бе бір мен үшін ал бүгін,
Көп әйелдің,
Аз әйелдің бірісің!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері