Сүйемін

Бұл бетте «Сүйемін» атты Шөмішбай Сариев жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 858
Екеу емес, жалғыз менің жүрегім,
Дүниеде сенсің жалғыз тірегім,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған ұлы өмір.
Күллі аспан, күллі жерге кім ие,
Я, Құдайым, жар бола гөр ұлы ие,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған дүние.
Келер ұрпақ таңырқасын таң қалсын,
Ізімізде ұрпақтар мен ән қалсын,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған сен барсың.

Қайырмасы:
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Күнді,
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Гүлді,
Жүрегім жалғыз біледі,
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Кімді,
Сүйемін Кімді,
Сүйемін жалғыз Ай,
Жұлдызды түнді,
Сүйемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйемін өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сүйемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйемін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сүйемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері