Жалғыздық

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Аспанда – айым, көкте күнім байқаған,
Сезді жаным теңіз толқын шайқаған.
Жалғыз жүрек сенен тауып егізін,
Қош айтысып, жалғыз еттің қайтадан.
Қайық толқып, алыстатты араны,
Қимай-қимай сәл бұрылып қарады.
Тағдыр дауыл көк теңізді тербеумен,
Жалғыз желкен сенен ұзап барады.
Құпиясы ішінде көп жандардың,
Таңырқадым тағдырға осы таң қалдым.
Бірге кетті жүрегіңмен жүрегім,
Жалғыздықтың құшағында мен қалдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері