Еңсеңді көтер, ей, адам!

Бұл бетте «Еңсеңді көтер, ей, адам!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1149
Ей, Адам! Ел деп еміренсең,
Елім деп тебіренсең,
Еңкейтпес ешкім сені,
Еңкеймес сенің еңсең,
Еңсеңді көтер ел деп тұрып,
Жалындап жас ғұмырдай,
Таулардың тасқынындай селдеп тұрып,
Еңбектің кестесінен өрнек құрып,
Ереуіл ер толқындай өрлеп кіріп,
Өмірдің аш есігін!
Төрлеп кіріп,
Төк нұрыңды! Тартынба! Төк нұрыңды!
Аяма! Өрте! Лаулат! От-ғұмырды!
Түсірме! Түсірме сен тек құныңды,
Тартылыс ұлы күшін жеңіп шықпай,
Тежеме! Тежеме сен екпініңді!
Ей, Адам!
Тасыма! Тасыма сен!
Дегенге, Жасыма! Жасыма сен!
Жалтақтайтын жок бүгін жетім заман,
Халқымыздыңқазіргі ғасыры әсем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңсеңді көтер, ей, адам! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Еңсеңді көтер, ей, адам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңсеңді көтер, ей, адам! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңсеңді көтер, ей, адам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері