Мен қазақпын дегеннің арманы бір

Бұл бетте «Мен қазақпын дегеннің арманы бір» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 792
Мен қазақпын дегеннің арманы бір,
Бұл адамға бәрі де алда ғұмыр.
Тамырларың тереңге тартып өсіп,
Бәйтерек жапырағы жалға ғұмыр.
Мен қазақпын дегеннің жаны басқа,
Ақыл-ойдың теңізі – бәрі баста.
Әр адамның өмірде орны бөлек,
Күн мен Ай келмес мәңгі айырбасқа.
Мен қазақпын дегеннің жаны да бір,
Кез болған кездейсоқты бағыма жыр.
Сен мені шын сүйгенің рас болса,
Алыс шалғай жерлерде сағына жүр.
Мен қазақпын дегеннің жолы да бір,
Бес елі мандайдағы соры да бір.
Мәңгілік болмағанмен аңда-санда,
Кездейсоқ бақытыңмен жолыға біл.
Мен қазақпын дегеннің ары басқа,
Ары басқа жандардың жаны басқа.
Кеше, бүгін майданның жалғасындай,
Қазақ үшін күресті тағы баста!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қазақпын дегеннің арманы бір өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Мен қазақпын дегеннің арманы бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қазақпын дегеннің арманы бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қазақпын дегеннің арманы бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері