Отырыста – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Отырыста» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Көңілім менің көк жиекке жетелеп,
Қараптан қарап адасады:
Қаншама ұмтылғанмен,
Жұлдыздар шаһарына жолым қашан болмақ?
Жоқ енді,
Шарап ішіп, ән шырқап,
Шыны-шөлмектер сыңғыр қаққан,
Туралық жолын қолдаған,
Осында қалғым келед!
Кездейсоқтан кездесіп достар,
«Сұраса, саған не болған» деп, -
Жер бетінде өмір сүру,
Ең бір шексіз бақыт, – деп жауап берем,
Ешқашанда айырылмаспын,
Қасиетті туған жерімнен деп,
Шын ниетіммен, уәде беріп, ант етемін.
Біз дастарханда отырғанда,
Сусындама деп ешкім айтпас, –
Шәрбәт құйылған шынының әсем үні,
Сәндете қосылсын ақынның келісті жазылған жырыменен
Біздер де бөлінерміз кезі келсе,
Кім қайда, жер бетіне, –
Қазірше кел, шәрбат шынысын көтерейік,
Достық жолын бар өмірде.
Және денсаулыққа, амандыққа,
Өмірде – бақытты жандар үшін!
О бастан салт-дәстүріміз,
Бірінші тілегіміз патшамыз үшін:
Биік тақта отырып ол,
Қаһарымен хас жауларын қорқытып,
Аямаған жанын да!
Сол үшін ішіп қою керек.
Құмарлығымыз арта түсіп, ыдыстар толсын ендеше,
Әрбір жан сүйген жанын еске алсын.
Бір кездері мәңгілік ғашық болған,
Менің сүйіктім үшін,
Қос қостап, бірінен соң бірін ішем!
Үшінші кезекте тост көтерем,
Кім менімен көп жылдар бірге дос болып,
Біргелесіп шын жүректен
Қуанышым мен ренішімді бөліскендер үшін.
Біздермен біргелермен де,
Алыста жүргендермен де,
Достар үшін, достармен бір –
Шарап ішу қуанышты да, жеңіл де.
Өзімді-өзім тоқтата алмай
Шексіз қуанамын.
Достығымды мәңгі мадақтап жырлаумен,
Күнде айтудан жалықпаймын.
Кездейсоқтан біріміздің басымызға,
Жаман күндер туа қалса,
Бәріміз де біргелесіп,
Бір жан, бір тән болып,
Достар үшін қиындықты жеңгенше күресеміз!
Сеніңіздер енді маған,
Диірмен тасы көп болғанмен,
Жақын емес жету көк теңіздің жағасына,
Жолдар көп-ақ адастырған...
Өзге жандар да шарап ішер, бізге ұқсап, –
Қатал сөгіп жатпаймын, –
Жер бетіндегі бар жақсылыққа –
Сонда бізді жетелеп алып барар.

1802


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырыста өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Отырыста өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отырыста өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отырыста өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері