Көз алдымда кешегім мен бүгінгім –
Абдрахман Асылбек
Бұл бетте «Көз алдымда кешегім мен бүгінгім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз алдымда кешегім мен бүгінгім,
Өмірдің өз шындығына жүгіндім.
Екеуінің айырмасы аралық
Жер мен көктей екендігін ұғындым.
Қой соңында серігі боп Мойнақтың,
Бабаларым батты азапқа бойлап тым.
Ал, мен болсам айқара ашып есігін,
Ғұламалар ордасында ой бақтым.
Ширатылып шидем шекпен, тонға мен,
Түйе мініп, теңселмедім жорғамен.
Асфальт жолмен аңыратып қайда да
Желаяқтай жетіп бардым «Волгамен».
Жапан дүзде жарқыратып санамды,
Самаладай сансыз үйлер қаланды.
Қайда барсаң – көтеріліп көңілің,
Айырмайсың қалам менен даламды.
Қыр басына қадай салсаң көк шыбық,
Көп кешікпей нән қарағай боп шығып,
Қайда барсаң – шалқып жатқан береке
Қайран мына тыныштық пен тоқшылық.
Өмірімнен көре алмайсың кемістік,
Қиялыма қанат берді кеңістік.
Қайда барсаң – күндей күліп қарсы алар,
Адам деген ардақты есім ең ыстық.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі