Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты

Бұл бетте «Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты,
Түн дегенің шуағынан тұншықты.
Дидары әсем өрттей жанған қып-қызыл,
Көк жиектен көтеріліп күн шықты.
Әрбір күнім алдан шыққан досымдай,
Көптен бері басымыз бір қосылмай.
Жағасынан өткенде әсем Тобылдың,
Суретке куә болдым осындай!
Өмір мәңгі бірге тұтас өседі,
Айналаңмен адам ғұмыр кешеді.
Жан-жағымда көкорайлы жасыл шөп,
Жер-Ананың жайып қойған төсегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері