1932

Бұл бетте «1932» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 810
«Қаратаудың басынан көш келеді...
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...»
Көшпелі ата қазақ нар қомында,
Бостандық, кендік аңсап өскен еді.
Халқымның өмірінің гүл атқаны —
Таулардай туған жерге тұрақтады.
Басынан баяны мол бақыт көшпей,
Тұрақтады өзімен мұрат, бағы.
Келешегін қазағым көріпті алдан,
Қасиетті халқыммен жолықты арман
Шөлдеген қайта тұрды Қарақұмдар,
Нарлардай ұлы жолда шөгіп қалған.
Оңтүстік,
батыс,
шығыс,
терістік ел,
Өмір өзі кеңейтті өрісті кең,
Өзі көшпей қазақтың қазір даңқы
Көшіп жүр ата мекен —
Жер үстімен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1932 өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

1932 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

1932 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

1932 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері