Өмірге бейім жан емеспін

Бұл бетте «Өмірге бейім жан емеспін» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1061
Өмірге бейім жан емеспін,
Өмірде сан қателестім.
Бірде түсініп, бірде түсінбей,
Замандаспен қатар өстім.
Өмірге бейім тірлігім аз,
Жанымның ашылар түндігі наз.
Өмірімнің өзі көктем,
Көңілімнің кіндігі жаз.
Дүниеде толы арманым,
Өлең-жырға жол арнадым.
Өмірге бейім оңтайым жоқ,
Өмірге бейім бола алмадым.
Қаладым парыз өтелгенін,
Көп ісімді бекер дедім.
Өлең өзің болмағанда,
Мен суға кетер ме едім?!
Жұпарын жұтып дала, гүлдің,
Адассам жолға сала жүрдің.
Өлең менің періштем боп,
Көп бәледен қаға жүрдің.
Биіктен биікке өрлеп алдым,
Өнер дерті – меңдеп алдың.
Өлең жоқта – мен де жоқпын,
Өлең барда – мен де бармын!
Қанатымды қағатынмын,
Мен де құстың қанатымын.
Мен барымда – өлең де бар,
Өлең менің – Ана тілім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге бейім жан емеспін өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Өмірге бейім жан емеспін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірге бейім жан емеспін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге бейім жан емеспін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері