Лондонның көпірі

Бұл бетте «Лондонның көпірі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 765
Қандай жұмақ нұр бар ең,
Қандай жұмбақ сыр бар ең.
Лондонның көпірі –
Таңырқаған күллі әлем!
Арбайтындай жанарды ап,
Жатқандайын ғаламды ап,
Лондонның көпірі –
Таңырқап тұр Адамзат!
Арылса егер сорынан
Адамдардың жолынан,
Бір Алласы қолдаса,
Не келмейді қолынан!
Адам біткен елбектеп,
Табынады жер-көк деп.
Тастан шілтер тоқиды,
Әрбір тасын өрнектеп.
Тәңір сыйлап оқыды,
Адам да – Алла өкілі.
Құдіретін танытқан,
Лондонның көпірі!

20-21 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лондонның көпірі өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Лондонның көпірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лондонның көпірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лондонның көпірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері