Қариям – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Қариям» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1156
Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.
Құлақ ас қарттың сөзіне,
Жаралған өмір сазынан.
Аманат етер өзіңе,
Қария қартың қазынаң.
Дариясына қарап,
Арындары асқандар бар.
Қариясына қарап,
Қарыны ашқандар бар.
Аман болсаң алдан жетіп,
Қариялық та келер ғой.
Балам болсаң арман етіп,
Қартая білу өнер ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері