Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың ұлы актері Тұңғышбай Жаманқұловтың перзенті – Рүстем мен келінге – Автордан!

  • 15.04.2022
  • 0
  • 0
  • 650
Бір-бірінен бірі озған тілі үстем,
Бір-бірінен бірі озған бірі үстем.
Әкесі оның ұлы актер Тұңғышбай,
Ұлы өнер әулетінен Рүстем!
Сонадайдан жұлдыз-айдай көрінген,
Өнерге адам келер әркез сенімен.
Сол Рүстем Ашхабадта кездесіп,
Дәмді жайды алдымызға келінмен.
Ал, Рүстем, айналайын өзіңнен,
Әкең қарап тұрғандайын көзіңнен.
Түркіменстан топырағында жүздесіп,
Табыстық біз туған елге сезіммен.
Қуандық та, кейде біздер торықтық,
Шет-шалғайда сағыныш бар соны ұқтық.
Махтымқұлдай ақын туған жерде біз,
Ұлы Абайдың ұрпағы боп жолықтық.
Тұңғышбайдың өзі болып келгесін,
Тұңғышбайдың көзі болып келгесін,
Бұл Рүстем күліп алдан шыққанда,
АҚШ қалай ықыласқа көнбесін.
Тұңғышбай да бізбен бірге төрдесің.
Бүгін міне Рүстемге тілерім,
Шалқып-тасып әкеңдей боп жүрегің.
Кім болса да ұрпақ болсын қазаққа,
Ұрпақтарың сүйінердей Ұлы Елдің!
Уа, Рүстем, туған жұртың бөледі ел,
Бар қазаққа Уа, Құдайым, бере гөр.
Келінменен қанатыңды кең жайып,
Жер жаһанның бар қызығын көре бер!
Ал, Рүстем, мамыра жай жатса көк,
Бұлбұлдары сайрай-тұғын бақша көп.
Актер, Ақын екеуін де еске алып,
Сенен туған бір ұрпағың патша боп...

27 желтоқсан 2010 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәл осы кез

  • 0
  • 0

Келеді ұлы Жерім жолда солай,
Өмірге бақыт деген қонбас оңай.
Тынымсыз еңбек еткен қаншама адам,
Дәл осы кез жұмыстан қол босамай.

Толық

Бір қап алтын...

  • 0
  • 0

Ойы барға өсиет жыр нұсқа бұл,
Сыйласып өт, аз ғұмырда қысқа бұл.
Бір анадан, бір әкеден жаралған,
Бір қап алтын тауып алды үш бауыр.

Толық

Сексеуіл де гүлдейді....

  • 0
  • 0

Аппақ құм шөл далада туып өскен,
Тағдырдың тауқыметін уын ішкен.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тамыры терең ғасыр суын ішкен.

Толық

Қарап көріңіз