Өлең, жыр, ақындар

Көш

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 880
Елестейді Ұлы көші бабамның,
Елестейді Ұлы көші даламның,
Сағым дала — боз ғалам,
Жан дүниемді қозғаған,
Нар қоспағы аңырап,
Боталары боздаған,
Көш келеді...
Елестейді ұлы көші бабамның,
Елестейді ұлы көші даламның,
Толғады ақын жыр үнін,
Туар ма деп ұлы Күн,
Тұлпар бастап сапарға,
Құлыншағын, құлынын,
Көш келеді...
Деп жүргенде ұлы көшін аман-есен өткізем
Деп жүргенде ұрпақтарын мұратына жеткізем
Қилы заман жол жатып,
Бабама жүк мол батып,
Ақ жаулықты Ұлы Анам,
Жол үстінде толғатып,
Көш келеді... Көш келеді...
Ғасырлардан ғасырларға ынтығады-айынтығып
Бабам қазақ болашаққа ынтығады-айынтығып
Жанарында мұң тұнып,
Көш келеді... Көш келеді...
Домбырасы шерлі күйге бас ұрып,
Көздентамған жасын жолда жасырып.
Баяны мол Ертеңіне асығып, Көш келеді...
КӨШ КЕЛЕДІ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлем

  • 0
  • 0

Әрбір күнім басталады сәлеммен –
Таңда тұрып саулық сұрар бар елден.
Дүниеге нәресте үні – іңгәлап,
Амандасар ең әуелі Әлеммен!

Толық

Жер жаһанды жаратқан ғой

  • 0
  • 0

Жер жаһанды жаратқан ғой
кең Құдай,
Қазақтың да көңілі кең,
бер Құдай.

Толық

Лирика

  • 0
  • 0

Дүниеге таңырқаймын тамсанам,
Түнгі аспанда жұлдызы көп самсаған.
Поэзия падишасы – лирика,
Өмір бақи ғашық болдым мен саған.

Толық

Қарап көріңіз