Өлең, жыр, ақындар

Көңілсіз көрініс

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Жүзiн көрiп азып-тозған даланың
Ауыр тартып тұнжырайды қабағым...
Сортаң жерлер қопсып жатыр ақ жем боп
Кеуiп қалған ауызындай жараның.
Iшiнде бiр тұрғандаймын майқанның.
Жел сыпсыңы сыпсыңындай сайқалдың.
Құйындар жүр шыр көбелек айналып
Құтырынған биiн билеп шайтанның.
Бұл дүние даламменен араздай.
Мұндай кезде не азады – дала азбай!
Бет-бағдарсыз қалбаңдайды сыңар құс
Жел ұшырып алып кеткен қағаздай.
Оқығандай қатал, ауыр өкiмдi
Аптап ыстық алып түсер бетiңдi.
Төбелер мен қыраттар да шөмиiп
Жатып қалған жадау түйе секiлдi.
Қуысындай жетiм қалған көңiлдiң,
Жел көтерген құм iшiнде егiлдi үн...
Алба-жұлба бұлт шығады көгiме
Алба-жұлба шапанындай Елiмнiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уланғанмын!

  • 0
  • 0

Уланғанмын!
Полигоннан уланғанмын!
Тар ұғымнан уланғанмын!
Өтіріктен уланғанмын!

Толық

Байшыкеш

  • 0
  • 0

Мына кiсi
Болған екен.
Толған екен.
Найқалып

Толық

Кісәпірдің сөзі

  • 0
  • 0

Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан

Толық

Қарап көріңіз