Отаным – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Отаным» атты Шөмішбай Сариев жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2022
  • 0
  • 0
  • 2712
Отаннан артық неміз бар,
Халқым деген теңіз бар,
Тамыры тартқан тереңнен,
Ұлтым деген негіз бар.
Отаннан үлкен байлық жоқ,
Отаннан асқан айбын жоқ.
Отаннан үлкен Бақыт жоқ,
Отаннан үлкен қайғым жоқ!
Отаным менің барым да,
Қазынам қымбат нарым да,
Жігерім қайрат намысым,
Ар-ожданым арым да!
Отанмен бірге тұлғамын,
Жер басып осы тұрғаным,
Отанды қорғау парызым,
Қазақ үшін құрбанмын!
Отан ғой менің іргелім,
Отанға келіп кіргенім.
Қасиетті киелі,
Мен Отанмен біргемін!
Тәуелсіз атқан құба таң,
Бостандық сені ұнатам.
Жайылған Елге сәулесі,
Отаным менің – НҰР ОТАН!
Ақ батасы атаның,
Даламдай кең бір жоталым,
Жасай бер мәңгі Ел үшін,
ТӘУЕЛСІЗ МЕНІҢ ОТАНЫМ!!!

16 – 21 ҚАРАША 2011 ЖЫЛ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отаным өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Отаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отаным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Отаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері