Ескі жылдар шықпай есімнен – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Ескі жылдар шықпай есімнен» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ескі жылдар шықпай есімнен,
Іздеймін кейде сағынышпен түсімнен.
Сол баяғы балалық шақ бақытты,
Жүргендеймін асыр салып дос- құрбымен.

Көп кіреді көршінің үйі түсіме,
Сыр айтысып тартамын қыздарды әңгімеге.
Қызық кездер көз алдымнан өтеді -ау,
Сағым болып ұшсада, жетсем деймін мен бірге.

Өткен өмір, ескі жылдар емес пе?
Еске алмаймын мен текке.
Әке, ана, бауырлар бір шаңырақта,
Қалатындай көрінуші еді мәңгілікке.

Жаңа ғасыр , жаңарып жатыр бәріде.
Жалғасады тоқтамай бұл жалған өмірде,
Өтіп жатыр уақытыңда зуылдап,
Балалық шақ, жастық кез деп бөлініп екіге.

Ескі жылдар ешқашан жаңармайды,
Қол бұлғап шақырсаңда оралмайды.
Шіркін-ай деп сағынасың еске алып,
Жалынсаңда артына да қарамайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар