Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" –
Асқар Тоқмағамбетов
Бұл бетте «Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлмес жерде күлгің келсе,
Білмесіңді білгің келсе:
Кемпірді аймалап,
Келіншекті сүйгің келсе:
Құлақшыныңды ұшырып,
Біреудің бөркін кигің келсе,
Жағаңды етек қылып,
Бар түймеңді үзгің келсе,
Біреуді қошқар боп,
Тұмсығыңмен сүзгің келсе,
Қысылмас жерге қысылайын десең,
Семіздіктен ысылайын десең:
Автобусқа мініп көр!
Әлде біреумен ұрысқың келсе.
Қарап тұрып жұлысқың келсе:
Басың іште қалып,
Ішің сыртта қалып,
Үстіңді бой-бой жыртқың келсе,
Автобусқа мініп көр!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі