Біздің апай тамаша – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Біздің апай тамаша» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біздің завуч Мираш апай тамаша,
Өнеріне сан жетпейді санаса.
Домбырада ойнап, ән де салады,
Қуанғанда мәз болады балаша.
 
Жұмыс десе жүгіріп,
Жұмыстан соң қыдырып,
Тамағын да әзірлер
Отбасына үлгіріп.
Біздің апай, біздің апай тамаша.
 
Мираш апай, сізді бәрі мақтайды,
Бойыңыздан артық мін де таппайды.
Қалай ғана мақтамасын, ұжымда
Жұмысына тиянақты сіздей жанды таппайды.
 
ҰБТ деп жар салып,
Жаны пісер соншалық.
Шәкірттері грант алса,
Мәз болады тамсанып.
Біздің апай, біздің апай тамаша!

Күндей жарқын апайымның күлкісі,
Апайдай-ақ болсын, болса бір кісі.
Парасаты тұлғасына жарасқан
Мираш апай-баршамызға педагогтың үлгісі.

Сенбесеңдер сөзіме,
Қараңдаршы көзіне.
Бар болмысы ұқсап тұр
Шын ұстаздың өзіне.
Біздің апай, біздің апай, біздің апай тамаша!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің апай тамаша өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Біздің апай тамаша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің апай тамаша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақгүл Тұрсынбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің апай тамаша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар