Ілияс Жансүгіровке – Нұртай Ерсұлтан

Бұл бетте «Ілияс Жансүгіровке» атты Нұртай Ерсұлтан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құлақтай құрышы қанып күй тыңдаған,
Құлагерсің сөз бәйге де дейтінді ағам.
Күй менен күйші таныстырып кетті
От жырлы Ілияс ақын кейпін маған.

Түсіме кірді бүгін түнде құланы ердің,
Сыртынан тамаша қарап тұра бердім.
Балағынан жармаса тартып опасыздар
Ей қисық біткен заманын-ай Құлагердің.

Кірбінің көп түсіргендер тай көңілге,
Өмір мынау қия салған айды өлімге.
Елің үшін күрессеңде жанынды алған
Шабыссақта шара жоқ бәйге өмірге.

Қорғадың жау қылықтан өр еліңді,
Сарп еттің күш пен жігер, өнеріңді.
Дауа қылам жырларыңды ұрпағыңа
Даладан табам ақын атам өлеңінді.

Өзіңді жоқтап еліңнін тал терегі,
Сұм саясат қинамаса қайтер еді.
Тәнін оның өлтіріп мәз болсаңда
Қазақтың мәңгі өлмейді бәйтерегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ілияс Жансүгіровке өлеңінің авторы кім?

Нұртай Ерсұлтан — осы өлеңнің авторы.

Ілияс Жансүгіровке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ілияс Жансүгіровке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұртай Ерсұлтан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ілияс Жансүгіровке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері