Биялай – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Биялай» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 734
(Шиллерден)

Төрелер тобы жабыла
Көрініс күтті, үн тынды
Дәл ортада, тағында,
Маңызсып король отырды.
Балконда биік айнала,
Сұлулар отыр сыңқылдап.
Ым қақты патша жай ғана,
Ашылды есік шиқылдап.
Шықты міне теңселіп,
Арыстаны даланың.
Кеткендей көпті еңсеріп,
Шолды кенет жан-жағын,
Жата қалды есінеп,
Сілкіп қап сары ол жалын.
Патша қолын сілкіді,
Жолбарыс жыртқыш қырылдап,
Күдірейіп секірді,
Қаһарын шашып ырылдап.
Арыстанды көре қап,
Ышқынды бір гүрілдеп,
Құйрығымен жер сабап,
Төңіректеп жүрді кеп.
(сонан соң)
Қанды көзі қадалды,
Қожа алдына құл келіп,
Шашса да ашу, ызғарды,
Жатты амалсыз түнеріп.
Арасына қос жаудың
Бір биялай биіктен
Сұлу қолдан түсті кеп!
Ойнақы тағдыр бұ неткен!
Тұтқиылда бұрылды да серіге
Кунигунда арбай күліп тіл қатты:
"Мен құмармын жүрек сынап көруге.
Әрқашан да өзің айтқан сияқты,
Махаббатың болса күшті, лаулаған,
Биялайды өзің әкеп бер маған!"
Сері дереу жүгіріп кеп сол шақта,
Қайсарлықпен дәл ортаға өтеді:
Қос жыртқыштың арасында қолғапқа
Қарады да, жерден батыл көтерді.
Көрушілер үрейі ұшып үндемей,
Жас жігітке көз алмастан қарайды.
Биялайды әкелді ол, мінекей,
Жан-жағынан мақтау сөздер борайды.
Мейірім толы отты көздің жанары, —
Алыс емес бақытының кепілі,
Махаббатты қыз құшағы жаңағы,
Жас батырды қарсы ап құрмет етулі.
Жанып бірақ өкініштің өртіне,
Биялайды ол лақтырды қыз бетіне:
"Қажет емес алғысыңыз мен үшін!" —
Деп паң қызды тастап жігіт кетті іле.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биялай өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Биялай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биялай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биялай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері