Шумақтар

Бұл бетте «Шумақтар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 673
I
Жұлдызы мен тағдырымның
бірге сөнген тәтті арманым.
Тек жанарда қалды мұңым,
көз салсаң да шаттанбадым.
Жас төккенмін, жылауменен
мені талай басқан қайғы.
Тас мүсіндей мынау денем,
көзден бүгін жас тамбайды...

II
Күлкі қылдың сонда мені,
мен де саған жалынбадым –
ал жүректің болмады емі,
жалғыздықтан арылмадым.
Жатпыз енді - бар білерім.
Көзден жасым ақса да үдеп.
Шыңғырса да жан-жүрегім
сүйе алмаймын басқаны деп...

III
Мен өзімді құрбан еткем
Құштарлыққа, сенен бөтен.
Алғашқы арман зырлап өткен
тілесең де келер ме екен.
Быт-шыт болған со күндегі
ұмытар ма үмітті ешкім...
Өлтіріп ең өзің мені –
енді қалай тірілтпексің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шумақтар өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Шумақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шумақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шумақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері