Рембрандт картинасына

Бұл бетте «Рембрандт картинасына» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Түсіндің сен,
О жабырқау данышпан,
Ұйқылы-ояу сол бір өмір зар-мұңын,
Іңкәрлікті
Тағат күшін тауысқан,
Байрон айтқан ақиқаттың барлығын.
Көз алдымда - жұмбақтау бір жүз-әлпет
Адастырған айтар ойдың түйінін.
Атышулы қашқын ба екен бұл әлде
Киіп алған әулиенің киімін.
Бәлкім оның құпия бір қылмысы
Ақыл-ойын жаншыды ма қамауға ап.
Тас түнекте зарығумен тұр мүсін
Жанарыңда паңдық оты алаулап.
Бәлкім бұның -
табиғаттан сезгенің
Бұл емес-ті мұрат тұтып шығар шың!
Әлде бәлкім
Азап шеккен кездегі
Өзіңді сен бейнелеген шығарсың.
Бұл құпия жұмбақ болып талайға,
Ойсыз көздер өте берер түсінбей.
Осынау бір тылсым еңбек қалайда
Қатыгезге қатал жаза, үкімдей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рембрандт картинасына өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Рембрандт картинасына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рембрандт картинасына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рембрандт картинасына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері