Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Тағдырдан ғой, сенен емес, білемін,
Кеткенің менен тез айнып.
Ұрғашының берді ол саған жүрегін,
Болсақ да сұлу ғажайып.
Ізіндей-ақ, теңіздегі қайықтың,
Көп тұрмас әсер жүректе.
Емес қой ол махаббатқа байыпты,
Жарытпас және жүдеп те.
Білер бірақ соққан кезде сағаты
Мейрімсіз тағдыр салмағын.
Со бір сәтті тосуға жоқ тағатым,
Ғафу ет, хайыр, ал жаным.
Мені, бір кез, мүмкін, тағы көрерсің,
Құрармыз сұхбат жырақта.
Сонда маған жаның жылап көнерсің,
Не пайда одан бірақ та?
Жоқ, жоқ! Наз үн, от жалыны жанардың
О кезде түкке аспайды;
Сен өтерсің, мен табалап қарармын,
Жаныңа тастап тас қайғы.
Мырс етермін өзің және кетерде,
Қарайып кекке толғасын.
Менің жалғыз сол күлкіме жетер ме
Сел болып аққан көз жасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзінді

  • 0
  • 0

Жас арудың көкірегін,
тұнжыр көз бен от реңін,
қайдан көрді есер жүрек –
жігіт тұрды есеңгіреп.

Толық

Жаңбырдан соңғы кеш

  • 0
  • 0

Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.

Толық

Өліктің махаббаты

  • 0
  • 0

Сұп-суық топыраққа
Қалсам да көміліп,
Өзіңнен еш уақытта
Кеткем жоқ бөлініп!

Толық