Қылышым жоқ – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Қылышым жоқ» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2113
Қылышым жоқ, шабар едім - дұшпанды,
Найзам да жоқ, түйрер жанды - қастанды.
Гүрзім қайда, қара тасты талқандар,
Ұран қайда
Қақ жарған -
Жер, Аспанды!
Тұлпар өлген, айлық жерге шабатын,
Сұнқарым жоқ,түлкілер көп - алатын.
Жебем сынған тау төңкеріп ұшатын
Ару да жоқ, күліп алдан шығатын!....
Бәрі кеткен,
Ертегілер ішіне,
Сол қалпымен,
Сол салтымен күшінде...
Кей жылдары жарқырайды бір жұлдыз
Туған Айдың,
Бірге ілесіп - үстінде?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері