Ән – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ән» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 628
Шарап толы шараларды төңкеріп
Көмейіңе құй мендей.
Осы той мен өмір тойын тең көріп,
Еш нәрседен именбей
Барлығын да тастаңыздар төңкеріп.
Түк кесел жоқ төңкеріліп жатқаннан
Айлакердің жолында.
Әулетіме айтар едім шаттанған
(Шыбық алып қолыма):
Зиян жоқ деп төңкеріліп жатқаннан,
Ұнатамын қалдырмастан түгін де
Төңкеріп бір ішкенді.
Әсіресе П...ның бүгінде
Нәзік жерін піскенді.
Жатар маржан тек теңіздің түбінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері