Гүл өмір
Бұл бетте «Гүл өмір» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өмір туралы өлең берілген.
Жұпар исін, бұрқыратса гүл егер,
Бақ ішінен ақырындап тере бер.
Қызыл іңір, тірегенде тұмсығын
Қабағыңнан түнді аунатып түрегел.
Қызыл - гүлді,
Сары - гүлді,
Ақ - гүлді,
Жапыраққа сәндеп ора әр түрлі.
Үзген сайын, жас өмірдің ғұмырын
Есіңе алғай жалбарынып -
Тәңірді!
«Гүл - қоздырар,
Адамдардың құмарын,
Гүл - жаздырар,
Ақындарға жыр - әнін.
Гүл - қосады,
Ғашықтарды - мәңгілік,
Гүл - ашады,
Махабаттың бұлағын!
Гүл - өмірің,
Гүл - тіршілік, жайнасын,
Шаң баспасын жарқыраған айнасын.
Гүл - бақытың,
Гүл - сағыныш,
Мейірім
Гүл - тамыры - жүрегіңе байлансын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі