Шарық тас
Бұл бетте «Шарық тас» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тастан-тастың асыл-ай
Көктен түскен жасындай.
Жатыр дала төсінде
Кейбір таулар қосылмай.
Алтын, Күміс, Темір де
Тау ішінде өңірде.
Бар асылын береді
Ел билеген-Өмірге.
Түрлі түсті сәнімен,
Тастар қымбат-дәріден.
Үйімдегі-Шарық тас
Маған артық бәрінен.
Үйдегі бар пышақты,
Біз, қашауды, ұсақты,
Дүзі барды қайраймын
Үйдің мүлкі тұрақты.
Таңданамын тас құмға,
Берік бітім-ұсқынға...
Екі беті жұқарып
Жатыр төсек астында!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі