Жағада – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жағада» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2316
Шуылдап толқын,
Суылдап желі соғады,
Екпінді қарқын, толассыз үдеп ағады.
Жағада тұрмын, жағаға тығып мойынды.
Сұп - суық қолын, қойныңа теңіз тығады.
Тобықтан кіріп, тортадай торғын құмына,
Тосаңдау таудың қараймын найза шыңына.
Желі мен жауын, жебедей ұшын өткірлеп
Өркенін жайған, жасырып нуын ығына.
Көңілім шалқып, жеңілдеу тартып арқам, бой,
Ұшады қиял, толқындай толып арқан-ой.
Жағада тұрмын жаныма жағып жел исі,
Тегін ауа, тіршілік сыйы - арзан ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағада өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Жағада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері