Сарыарқа – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Сарыарқа» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1207
(Құрманғазы оркестріне)

Құрысып арқа, тырысып қабақ жазылмай,
Қайтерсің сол бір, қайтерсің жұмбақ шағынды-ай.
Теңіздей кейде дауылсыз толқып есірер
Құпия сырды, ғажапты жүрек сағынды-ай.
Жүргенде кенет... Әлемді дауыл қаптасын,
Ғаламды сазға бөлесін... жақсын, жақпасын.
Сол кезде санаң кетеді екен шарықтап
Сарыарқа етіп тырнағың шекті қаққасын.
Біреудің жүзі бал-гүл боп со кез жанады,
Біреудің көзі, сұмдық-ай, тастап сананы.
Ал біреу кеткен, шешен боп кенет есіліп,
Бәрі де бәрі жоғалтып алған шаманы.
Шамала шырақ, еске алып сәлді кектенбе,
Өмір бар алда, бір күнге бола шектелме.
Ұша алса жақсы құс болып самғап "торшолақ",
Өзіңмен бірге өкпеге сонша тепкенге.
Бес саусақ сілкіп, сиқырлы сазды төккенде
Бір жұтым ауа қалмайды екен өкпеңде.
Есімді жидым есалаң шақтан найзағай,
Немесе құйын, аймалап мені өткенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқа өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері